БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысының білім басқармасының  Төлеби ауданының білім бөлімінің  «Бәйшешек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны   
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №251 ғимарат    
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон 8 701 558 44 52
электронды поштасы baisheshek.1965@mail.ru
webсайт: https://baisheshek-edu.kz/  
фейсбук: https://www.facebook.com/share/Yd3DYbDKbGqR9Et3/?mibextid=qi2Omg  
инстаграмм: https://www.instagram.com/baisheshek_sadik2022?utm_source=qr&igsh=MThramM4Y2Fpd21vcQ==  
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Булекбаева Жанар Акбердіқызы  Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының м.а. Б.Тойлыбаевтың  2023 жыл 15 тамыздағы №378 «Ауыстыру тәртібімен тағайындау туралы»  бұйрығымен 2023 жылдың 21 тамызынан бастап тағайындалды. Мекеме атауына байланысты, Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №418 бұйрығымен  қайта бекітіліп, тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 11.09.2023 жылы өткен.   БСН: 010940002199;   Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні: 04.09.2001 жыл  Кәсіпорын жарғысы Төлеби аудандық тіркеу және кадастр бөлімі  2023 жыл 11-қыркүйек Тіркеу № 136-1959-09-НАО-МК
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия  24.09.2009 жыл №0053873 Мектепке дейінгі білім беру қызметін жүргізу құығымен айналысуға МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ МЕРЗІМІ ШЕКТЕУСІЗ
7Құрылған жылы1965  жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік
9Топтар саны4 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі, орыс тілі   
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 120 балаға арналған 15.01.2014 жылы №17-Р10-3-05 Санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген.   Құжаттар көшірмелері  https://baisheshek-edu.kz/ балабақша сайтына қоса жолданды.

Төлеби ауданының білім бөлімінің «Бәйшешек»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты типтік үлгіде ыңғайластырылған. Балабақша 120 орындық, қазіргі таңда 100 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5  сағат  жұмыс жасайды. 2023 жылдың  желтоқсан айына дейін 120 бала  4  топқа топтастырылса, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап, Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы №218 «Балабақшалар кесіндісіндегі орын санына қарай» қаулысы бойынша бала саны 20 балаға қысқарылып, қазіргі таңда  жалпы бала саны 100 тәрбиеленуші  4 топқа «Балбөбек» ортаңғы қазақ тобына, «Балапан» ортаңғы қазақ тобына, «Звездочка»  ересек орыс тобына және «Вишенка» мектепалды даярлық орыс тобына топтастырылған.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілінде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын  бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  орыны,  оқшаулау  орны, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары да бар. Ауладағы ойын  алаңы балаларға арналған заманауи сырғанақ пен әткеншектер, отырып тербелетін серпілмелі ойын құрылғыларымен жабдықталған. Топтарға арналған жазғы күрке шатырлардың ішкі және сыртқы көріністері, жағдайлары өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын көлеңкелі үйшіктері, қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші бөлмесі;

— Әдістемелік бөлмесі;

— Психолог бөлмесі;

— Интерактивты тақта – 2 дана;

— Теледидар – 2 дана;

— Компьютер – 3 дана;

— Ноутбук – 1 дана;

— Принтер – 2 дана;                                                                                                              

— Түрлі-түсті принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Топ бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалармен безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық құндылықтар» элетрондық ұлттық бұрыштар,  «Балаларға базарлық» кітаптар мен ертегілер сөресі, ойыншықтар сөресі, «Электронды кітапхана», «Табиғат бұрышы», «Интеллектум ойындар» бұрышы,  танымдық, шығармашылық дамытушы кеңістік орта жасақталған.